"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

     Үстіміздегі жылдың басында Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен Рухани жаңғыру мақаласы аясында 30 жоба дайындалған болатын. Осыған орай, тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығында, археологиялық зерттеу жүргізу мақсатында "Көне қала күмбірі" жобасы жасалды. Бүгінгі күні аталған жоба аясында Қапшағай каласы, Шеңгелді ауылында орналасқан "Шеңгелді - керуен сарайы" археологиялық ескерткішінде зерттеу жұмыстары бастау алды.Қазба жұмыстары нәтижесінде қыш ыдыстарының сынығы, көне ошақ орындары табылды. Болашақта бұл жерді туристер келетін орынға айналдыру көзделип отыр.