"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    15 шілде де Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың бөлім меңгерушісі Жандос Адамжанов Ақсу ауданы, Сағабүйен ауылы маңында жүріп жаткан археологиялық қазба жумыстары мен танысып қайтты. Қазіргі кезде 8 обаның беткі қабаты толықтай ашылған. Көбісі сол заманның озінде тоналып кеткен. Тек оңтүстік шетінде орналасқан бір ескерткіште жерленген адам қасында керамикалық кұмыра табылған.

    Археологиялык қазба жұмыстарын "Қазафтожол А-ның тапсырысы бойынша "Археологиялық экспедиция" ЖШС-гі жүргізуде. Алматы облыстық мәдениет, архивтер жане құжаттама басқармасымен келісілген.