"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    Қызылтас археологиялық ескерткіштері.

     

    Қызылтас археологиялық ескерткішетрі Талдықорған қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ескерткіштер 2010 жылдан бері ғана анықталды. Қәзіргі кезде мемлекет қорғауына алынған.

    Қызылтас ескерткіштерін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында зерттеуге арналған «Талдықорғанның Қызылтас көне түрік ескеркіштері» атты жоба Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына ұсынылып  отыр. Жобаның мақсаты Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай археологиялық саябақ құру археологиялық мұраның бірегей объектісін сақтауды және танымал етуді қамтамасыз ету.

    2021 жылдың науырызынан бастап «Қазархеология» ЖШС  Қызылтас ескерткіштеріне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың қадағалауымен өтуде.