"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    Алматы облысы Талдықорған қаласының аумағында жүргізілген
    археологиялық жұмыстар
    Қазан айында орталықпен жасалған келісім шарт негізінде «Қазархеология» ЖШС Талдықорған қаласы аумағындағы археологиялық ескерткіштерге барлау жұмыстарын жүргізіп, жаңадан анықталған 30 археологиялық ескерткіштерге құжаттама жұмыстарын жүргізді.
     
    Архарлы петроглифтерін сақтау мақсатында жүргізілген жұмыстар.
    Шілде-қазан айларында орталықпен жасалған келісім шарт негізінде Ә. Марғұлан атындағы археология институты Кербұлақ ауданы, Арқарлы тауының аумағында орналасқан археологиялық ескерткіштерге құжаттама жұмыстарын жүргізіп, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталыққа 185 төлқұжат өткізді.
     
    «Пазырық мәдениетіне» жататын ескерткішке қазба жұмыстары жүргізілді
    Шілде айында орталығымен жасасқан келісім шарт негізінде «Археологическая экспедиция» ЖШС "Таусамалы" қорымы туралы қолда бар ғылыми деректерді кеңейту мақсатында қорым алаңының солтүстік және оңтүстік шетінде орналасқан екі қорған зерттелді. 2021 жылғы археологиялық зерттеулер Жетісудың кейінгі пазрық мәдениеті туралы жаңа материал алуға мүмкіндік берді.