"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

     Алматы облысының тарихи және мәдени ескерткіштеріне QR орнату

    Ескерткіштерді жаңа технология арқылу таныту

     

    Көне заманнан бүгінгі күнге дейін адамзаттың  дамуы жолындағы түрлі саладағы аса маңызды жетістіктерінің ерекше, қайталанбас заттық-рухани үлгі-нұсқаларын, адам өміріндегі оқиғаларды, халықтың басынан кешкен тарихи кезеңін еске түсіретін құндылықтарды, ұлы тұлғаларды, белгілі қайраткерлерді немесе елеулі тарихи оқиғаларды есте қалдыру мақсатында ескерткіш орнату қалыптасқан.

     

    Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы жолдауында Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеу және қабылдау туралы берген  тапсырмасын орындау мақсатында халқымыздың тарихынан сыр шертетін оқиғаларды өскелең ұрпағымызға және осы Жетісу өңіріне келетін қонақтарымызға терең мағлұмат беру мақсытнда цифрлық технологияны қолдану арқылы QR-код орнату жұмыстары қолға алынды.

     

    QR-«Quick Response»-ағылшын тілінен аударғанда «Шұғыл жауап»-деген мағынадағы сөз және бұл мобильді телефонның камерасы арықы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді (бар код) штрих код. QR-падалану үшін камерасы бар ұялы телефонды аласыз, кодты сканерлеу үшін бағдарламаны іске қосасыз, камераны кодқа әкелесіз де өзіңізге керекті осы нысан жайында  ақпаратты аласыз.

     

    «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» QR-код жүйесіне   Алматы облысы  бойынша 100 тарих және мәдениет ескеткіштерімен, киелі нысандарына  қазақ және орыс тілдерінде  мәліметтер ұсынды. Облыс аумағындағы ескерткіштермен киелі орындарға QR-код орнату жұмыстары алдымыздағы жылдары  одан әрі жалғаса беретін болады.

     

    2019 ж  143 ескерткішке QR-қойылды

    Ақсу-15, Ескелді -17, Жамбыл-30, Іле-7, Қаратал-8, Кербұлақ-11, Көксу-14, Панфилов-33, Талдықорған-8.

    2020 ж  150  ескерткішке QR-қойылды 

    Ескелді-6, Кербұлақ-7, Көксу-11, Қаратал-19, Талдықорған-14, Текелі-1,      Іле-13, Қапшағай-11, Балқаш-18, Сарқан-32 және 18-киелі нысан.

    2021 ж  100 ескерткішке QR-қойылу жоспарлануда

    Еңбекшіқазақ-71, Жамбыл-29.