"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    Алдияр батыр ескерткіші

    Алдияр батыр ескерткіші Сарқан ауданы, Сарқан қаласының кіре берісіне демеушілер есебінен орнатылды. Ескерткіштің авторы: мүсінші-Мақұлбаев Еркін Ахметоллаұлы. Ескерткіш материалы: мүсін-қола, тұғыры-гранит. Жалпы биіктігі – 11,80 м., мүсіннің биіктігі – 6 м., тұғыры – 5,80 м.
     
    Жолбарыс би Жылқыайдарұлы ескерткіші
    Жолбарыс би Жылқыайдарұлы ескерткіші Талдықорған қаласы З.Тамшыбаева көшесінің бойына демеушілер есебінен орнатылды. Ескерткіштің авторлары: Нүсіпов Марат Әлімқұлұлы, Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлы, Джуаспаев Бауыржан Алмасбекұлы. Материалы: мүсін-қола, тұғыры-гранит. Жалпы биіктігі – 10,10 м., мүсіннің биіктігі – 5,60 м., тұғыры – 4,50 м.
     
    Мұқағали Мақатаев ескерткіші
    Мұқағали Мақатаев ескерткіші Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы, Жастар саябағына орнатылды. Авторлары: сәулетші Рустембеков Ақмырза Исаевич, мүсінші Какимов Қадырхан. Ескерткіш материалы-қола, тұғыры-гранит. Жалпы биіктігі – 8,27 м.,Мүсіннің биіктігі – 3,82 м.,Тұғыры – 4,45 м. Мердігері-«Тайқазан» ЖШС