Жалпыұлттық 100 нысанның қатарына Алматы облысы
бойынша еніп отырған нысандардың тізімі:
- Таңбалы (Тамғалы) археологиялық кешені - Жамбыл ауданы, Қарабастау ауылынан 4 шақырым қашықтықта
- «Есік-сақ» қорғандары – Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласыныңмаңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан.
- Хан Тәңірі шыңы – Райымбек ауданы, Шығыс Тянь-Шаньдағышың
- Шарын каньоны – Еңбекшіқазақ, Райымбек, Ұйғыр аудандарындағы Шарын өз-нің төм. ағысында
- Қойлық қалашығы – Сарқан ауданы, Қойлық ауылы
- Қапал батыр кесенесі – Ескелді ауданы, Талдықорған-Қапал автокөлік жолынан 80 шақырым, Ешкіөлмес тауының баурайында
- Орбұлақ шайқасы болған жер – Панфилов ауданы, Жоңғар Алатауындағы Белжайлау жайлауында
- Аңырақай шайқасы болған жер - Жамбыл ауданы, Еспе ауылы
- Алтынемелдегі Ш.Уәлиханов мемориалды кешені – Кербұлақ ауданы, Шоқан ауылы
- «Жеркент мешіті» сәулет-көркемөнер кешені – Панфилов ауданы, Жаркент қаласы
- «Ереуіл төбе» Қарқара көтерілісі болған жер – Райымбек ауданы, Қарқара ауылындағы Мыңжылқы жайлауы
- Малайсары Тоқтауылұлы Бәсентин - Кербұлақ ауданы, Малайсары ауылы
- Наурызбай батыр кесенесі (Наурызбай Құттымбетұлы) – Жамбыл ауданы
- Ж.Жабаев кесенесі – Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылы
- Тамшыбұлақ су көзідері – Ақсу ауданы, Қапал ауылы
- Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш – Талғар ауданы, жаңалық ауылы
- Көлсай көлі – Райымбек ауданы