«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
«Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» мемлекеттік мекемесі
- «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме), заңды тұлға статусына ие коммерциялық емес мемлекеттік мекемесі түрінде құрылды.
- Мемлекеттік мекеме алғаш Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 14 қаңтардағы «Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Алматы облыстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын құру туралы» №5 Қаулысымен құрылған.
- Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Алматы облысы әкімдігі болып табылады (одан әрі - Құрылтайшы).
- Мемлекеттік мекеменің мүлкiне қатысты мемлекеттiк меншiктің субъект құқығын құрылтайшы жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi –Уәкiлеттi орган) болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
Мемлекеттік тілде:
«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тілінде:
Государственное учреждение «Алматинский областной центр по охране историко-культурного наследия» государственного учреждения «Управление культуры, архивов и документации Алматинской области».
Қысқартылған атауы:
Мемлекеттік тілде:
«Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» ММ.
орыс тілінде:
ГУ «Алматинский областной центр по охране историко-культурного наследия».
- Кәсіпорынның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, 040000, Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 67.
Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
- 8. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
- Мемлекеттік мекеменің заңнамаға сәйкес дербес теңгерiмi, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мекеменің атауы бар бланкiлерi, мөрi болады.
- Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
- Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің кепілдігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
- Мемлекеттік мекемемен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес мiндеттi түрде мемлекеттiк немесе өзге тiркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмiлелер, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен өзгеше белгiленбесе, тiркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледi.
Алматы облысында орналасқан тарих және мәдениет ескерткіштерінің жалпы саны – 2 363. Археологиялық ескерткіштер – 1 862, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері – 501. Оның ішінде: ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізімінде - 4, республикалық маңызы бар – 12 ескерткіш.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жарық көрген «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиялық жинағының І томына облыс бойынша жалпыұлттық 17, өңірлік 41 қасиетті нысан, барлығы 58 нысан енгізілді.
Алматы облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің электронды картасы (http://mmzhetysu.kz) қолданысқа енгізілді.
2019 жылы облыс аумағында орналасқан 144 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-кодтары орнатылса, 2020 жылы 100 ескерткішке QR-код орнату жоспарланды.
2020 жылы Ақсу ауданы аумағында орналасқан «Пазырық мәдениетіне» жататын ескерткіш қорымдарына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданында орналасқан 60 археологиялық ескерткіштерге қорғау тақтайшалары орнатылады.