"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

     

    1. Мемлекеттік мекеме қызметiнiң мәнi заңдарға сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштерін мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
    2. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мақсаттары:

    1) ескерткіштерді анықтау, есепке алу, қорғау, сақтауға қою, жаңғырту, насихаттау және пайдалану, тарихи орталықтарды, мақалаларды (кварталдарды), облыс қалаларының және басқа елді-мекендердің тарихи объектілері бар аудандарын жаңарту жұмысын үйлестіру;

    2) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңды орындау;

    3) Қазақстан халықтарының және әлемдік мәдениеттің тарихи-мәдени мұраларын мақсатты түрде насихаттау, сонымен қатар жастарды эстетикалық және рухани тұрғыдан тәрбиелеу;

    4) ұлттар мәдениетінің дамуына және өзара баюына жағдай жасау, халықаралық мәдени шаралар мен акцияларға қатысу;

    1. Мемлекеттік мекеме қойылған мақсаттарын iске асыру үшiн қызметтiң мынадай түрлерiн жүзеге асырады:

    1) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану ісіндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі жергілікті бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;

    2) ескерткіштерді есепке алу, қорғау, сақтау, жаңарту және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми зерттеу мекемелерімен, қала құрылысы және сәулет органдарымен, жергілікті билік органдарымен, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдармен және ведомстволармен іскер байланыста болу;

    3) ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне облыстың тарихи және мәдениет ескерткіштері бойынша кез келген ғылыми, соның ішінде археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуге лицензия (ашық қағаз) беру туралы ұсыныс енгізу;

    4) ескерткіштерде және оларды қорғау аймақтарында жүргізілетін барлық жұмыс түрлерінің ғылыми-жобалық  құжаттамаларын қорғау және келісу;

    5) ескерткіштерді зерттеу жұмыстарын жүргізу және аудандар бойынша тарих және мәдениет ескерткіштердің тізімі мен есепке алу, қорғау құжаттарын дайындау;

    6) белгіленген тәртіп бойынша есептік құжаттамалар негізінде тарихи-мәдени мұра нысандарын мемлекеттік қорғауына қабылдап алу жөнінде ұсыныстар дайындау, облыстық тарих және мәдениет ескерткіштері жинағын әзірлеу;

    7) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылайды;

    8) алдын-ала зерттеу және шаруашылық жүргізу, қорғаныс мақсатында игеруге бөлінген аумақтарды келісу;

    9) ескерткіштер бойынша ғылыми зерттеу, жөндеу, жаңарту жобалау-сметалық және басқа жұмыстарды ұйымдастыру;

    10) тапсырыс берушінің ескерткіштерді зерттеу, паспорттау, уақытша тоқтатып қою және жөндеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

    11) ескерткіштерді сапалы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету;

    12) облыстық жер пайдалану, сәулет, қала құрылысы және басқа жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып, ескерткіштерді қорғау және құрылысты реттеу аймағын, қорғалатын табиғи ландшафтты белгілеу;

    13) қорғау тақталарын дайындау және орнатуға тапсырыс беру.

    1. Мемлекеттік мекеме осы Жарғыда бекiтiлген оның қызметiнiң мәнi мен мақсатына сай емес қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелердi жасауға құқылы емес.
    2. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгiлi бiр шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретiн бұза отырып, жасаған мәмiлесi тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
    3. Мемлекеттік мекеме басшысының заңды тұлғаның жарғыдан тыс қызметтi жүзеге асыруға бағытталған iс-қимылдары еңбек мiндеттерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.