"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    Жаңалықтар

    2019 жылдың 28 наурызында Талдықорған қаласында, «Көктем гранд» қонақ үй кешенінің мәжіліс залында "Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен" ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы класстерлік бюросының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО объектілері туралы ақпаратты арттыру» бойынша семинары өткізілді.

    Құрметті қала тұрғындары және біздің оқырмандарымыз! Алматы облысы, Талдықорған қаласы , Ғали Орманова көшесі №61 ғимаратта орналасқан «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық» КММ жақын арада ғана өз мекен-жайын ауыстырды. Енді біздің мекеме Нұрсұлтан Назарбаев №67даңғылында орналасқан ғимаратта өз жұмыстарын әрі қарай жалғастыратын болады. Аз уақыт аралығында көш-қон мәселесі де тәмәмданды.

    Ағымдағы жылдың 20 тамызы «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Панфилов аудандық филиалының төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков бастаған топ өкілдері Үлкеншыған ауылдық округіне қарасты Үлкеншыған, Кішішыған, Жаркент орта мектептерінің және Ақкент бастауыш мектебінің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді.

    Құрметті Ғалымжан Айданақұлы!
    Ұжым атынан Сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға ырыс - береке, жұмысыңызға сәттілік тілейміз.