Жаңалықтар
2019 жылдың 20 тамыз күні І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшылығымен "Парасаттылық пен адалдық - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты бағыттары" атты акциясы аясында ұйымдастырылып "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті" атты жиын өткізілді. Жиынның басты қонақтары "Нұр Отан" партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сарыбаев Ғалиасқар Төлендіұлы.
Тамыз айының 16 жұлдызында Шеңгелді ауылдық мәдениет үйінде Жастар жылына байланысты «Тәуелсіз елдің жастары» іс-шара өтіп, арты концертке ұласты.
2019 жылдың 12 сәуір күні Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттам басқармасы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жариялануының 2 жылдығы аясында Талдықорған қаласы Тіл сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындa "Мәдениет саласындағы 2017-2018 жылдары атқарылған шаралар» атты дөңгелек үстел өткізілді.Дөңгелек үстелге аудандық, қалалық кітапханалар, мәдениет үйлері мен мемлекеттік архив басшылары, музей директорлары және облыстық мәдениет мекемелерінің басшылары қатысты.
22-ші мамыр күні Талдықорған қаласында Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы аясында "Киелі мекенім - Жетісу" жобасын жүзеге асыруда "Жетісудың археологиялық ескерткіштері ізімен" тақырыбында облыстық ғылыми - практикалық конференция өтіп, конференцияда облыстық тарихи- мәдени мұраны қорғау орталығының бөлім меңгерушісі Ж.Адамжанов Жетісудың археологиялық ескерткіштері және олардың қорғалуы жайында баяндама жасады.