"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    Жаңалықтар

    15 шілде де Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталықтың бөлім меңгерушісі Жандос Адамжанов Ақсу ауданы, Сағабүйен ауылы маңында жүріп жаткан археологиялық қазба жумыстары мен танысып қайтты. Қазіргі кезде 8 обаның беткі қабаты толықтай ашылған. Көбісі сол заманның озінде тоналып кеткен. Тек оңтүстік шетінде орналасқан бір ескерткіште жерленген адам қасында керамикалық кұмыра табылған.
    Археологиялык қазба жұмыстарын "Қазафтожол А-ның тапсырысы бойынша "Археологиялық экспедиция" ЖШС-гі жүргізуде. Алматы облыстық мәдениет, архивтер жане құжаттама басқармасымен келісілген.

    Бүгінгі күні Алматы облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өткізген алқа мәжілісінде Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының бөлім меңгерушісі Адамжанов Жандос Ізбасарұлы облыстағы мәдениет саласының өркендеуіне үлес қосып, көптеген жылдар еңбек етуіне орай, Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

    Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма ұйымдастырған «Тіл тазалығын сақтайық» акциясы жалғасуда. Аталған акция аясында Текелі қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері қаладағы халыққа қызмет көрсететін орындарды аралап, ҚР Тіл туралы, ҚР Жарнама туралы заңдарының талаптарын түсіндірді, сондай-ақ, арнайы дайындалған үнпарақтарды таратты.

    2019 жылдың ақпан айының 27- жұлдызы күні Тіл сарайында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 2018 жылдың атқарылған жұмыстарын қорытындылайтын және 2019 жылдың міндеттерін айқындайтын алқа мәжілісі өтті. Жиынға басқарма басшылығы, облыстық мәдениет және архив мекемелері, аудандық, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, аудандық мәдениет үйлерінің, кітапханалардың, музейлердің және облыстық архив филиалдарының директорлары қатысты.Осы жиында Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын, Қазақстан Республикасы мәдени саясаты Тұжырымдамасын жүзеге асыруға және мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының lll-дәрежелі дипломымен марапатталды.