Жаңалықтар
Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толып отыр. Сол оқ пен оттың ортасында болып, соғысқа қатысқан біздің мекеме қызметкері Алпысбаев Хамит Демегенұлын құттықтаймыз!!! Бүгінгі бейбіт күндер үшін ұжымның атынан алғыс білдіре отырып, алдарыңызда бас иеміз.
2019 жылдың 8-ақпан күні Талдықорған қаласында "Жастар" спорт кешенінде өткен Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен, мәдениет қызметкерлері арасында Vll спартакиада өтті. Жеті спорттық ойын түрінен өткен спартакиадаға " Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" қызметкерлері қатысты. Жарыс барасында қыздар арасында өткен қол күрес ойыны мен шахмат ойындарынан Ахбанбетова Гаухар мен Сабырова Мадина жүлделі lll- ші орындарды иеленді.
2018 жылы 22 қараша күні «Тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудағы заң бұзушылықтардың алдың алу» атты ғылыми-конференция, Қарасай ауданында өткен барлау жұмыстары бойынша қортындылау есебі өтті.
1912 жылы 12 қаңтар күні аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы ҚОНАЕВ Дінмұхамед Ахметұлы дүниеге келді. Осыған орай, мәдени мұра қызметкерлері Талдықорған қаласындағы Д.А.Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Салтанатты шара ҚР Тұңғыш Президенті күнімен тұспа-тұс келді. Атаулы датаға сый ретінде Бөлек батыр саябағында "Ұлы жебе" мемориалды кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов, белгілі тарихшылар мен ақын-жазушылар қатысты.
Елбасының рухани бағдарламасымен "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында көрсетілген тапсырмаға орай, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен мекеме мамандары және сараптамалық кеңес мүшелері Панфилов, Ұйғыр аудандарына, бірқатар қасиетті орындарды анықтап, солар жайлы аңыз әңгімесін жинақтау үшін экспедицияға барды.
Ескерткіштерді қорғау және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі: Оңғарбаев.С.К.
— с Серік Оңғарбаев.