Жаңалықтар
2018 жылдың 23 қарашасында көрнекті ғалым, археолог, тарих ғалымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының ғылымы мен техникасының еңбек сіңірген қайраткері Карл Молдахметұлы Байпақов бақилық болды. Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы үлкен өкінішпен отбасыларына және достарына көңіл айтамамыз.
Іс-шараның мақсаты: Алматы облысы аумағында орнатылатын монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнатуда, археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылатын Заң актілермен таныстыру мақсатында облыс көлемінде өткен ғылыми-конференцияны қорытындылау, сондай-ақ, Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жәй-күйімен танысу мақсатында Қарасай ауданында жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесімен таныстыру. Сондай-ақ "Көне қала күмбірі" жобасының орындалуына үлес қосып ат салысқан "Қазархеология" ЖШС директоры Смаилов Ж.Е. және экспедиция жетекшісі Абдилдин А.Қ. "Археологиялық сараптама" ЖШС бас директоры Воякин Д.А. орынбасары Захаров С.В. даму бойынша директоры Сейтнұрова Диляра облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлерді М.Тынышпаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейіне өткізіп беру рәсімі өтті.
Мақсаты: Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу
Алматы облысы Талдықорған қаласында 17 қазан күні, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында семинар конференция өтті. Конференцияға Талдықорған және Текелі қалаларына қарасты ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты. Конференцияда Тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, пайдалану барысында қолданылатын Заң актілермен, ережелерімен, бұйрықтарымен таныстырылды.
3-4 қазан күндері Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның Ұлы Жібек жолының бойындағы ескерткіштерді басқару атты халықаралық семинар өтуде. Семинарға Қазақстан, Қырғызстан, Тажікстан, Өзбекстан елдерінен ғалымдар, елшілер, ЮНЕСКО-ның және жергілікті билік өкілдері шақырылды. Аталған шараға, Алматы облысының архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Г.Қалқабаева, тарихи-мәдени мұра орталығының директоры Ғ.Оспанов және археология бөлімінің жетекшісі Ж. Адамжанов қатысуда.
Алматы облысы Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылында 20 қыркүйек күні, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланудағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында семинар конференция өтті. Конференцияға ауылдық округ әкімдері мен мамандары қатысты. Конференцияда Тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, пайдалану барысында қолданылатын Заң актілермен, ережелерімен, бұйрықтарымен таныстырылды.
Жамбыл ауданында орналасқан Бұрған сақ дәуіріндегі патша қорғандары мен "Таңбалы тас қорымы" қорған типті ескерткіштерді зерттеу үшін жүргізілетін қазба жұмыстарына байқау жарияланып, байқау қорытындысы бойынша 1"Қазархеология" ЖШС -гі мен келісім шарт жасалып, қазіргі кезде қазба жұмыстары жүргізілуде.