"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    Жаңалықтар

    Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының келісімімен, "Қазархеология" ЖШС-гі Текелі қаласы Шыжы өзені бойындағы археологиялық ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі кезде 2 қорған толықтай зерттеліп, қыш ыдыстар табылды.

     

    24.08.2018 ж Қырғауылды1 археологиялық қорғанына қазба жұмыстары жүргізілүде. Қазіргі уақытта Бейіттің екінші қабатына тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазба барысында бейіттің екінші қабатынан оттың орны табылды.

    Рухани жаңғыру мақаласы аясында, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде Оқушылар сарайының тарих үйірме қатысушыларына экскурсия өткізілді.Үйірме қатысушылары музей экспозициясымен танысты. Толығырақ мағлұмат алу үшін музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді. Сондай-ақ, «Есік» қорық музейінің аумағындағы сақ ақсүйектері мен қарапайым қауым мүшелерінің жерлеу жоралары мен мекендері орналасқан, тобына 4 мыңнан астам сақ дәуіріне жататын алтын бұйымдар табылған Есік қорғандарымен таныстырылды. Оқушылар уақыттарын қызықты да, пайдалы өткізгендерін айтып, музей ұжымына ризашылығын білдірді.