"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    Екі он жылдықты артқа тастаған  қаланың Алматы облысының әкімшілік орталығы атанғанына 20 жыл толды. Осы жылдар аралығында Жетісудың бас шаһарында талай өзгерістер орын алды. Қала көркейіп, танымастай өзгерді. Олай болса, 20 жылда орын алған елеулі оқиғалар тізбегіне ой жүгіртейік.

    Ең әуелі, шағын мекен 2001 жылы 14 сәуірде Алматы облысының әкімшілік орталығы мәртебесіне ие болды. Содан бері қала аумағында тіршіліктің қазаны қайнай түсті. Шаһардағы көрікті орындардың біріне айналған Қаратал жағалауы алғашқы жасалған жұмыстардың нәтижесі. Ұзындығы  1414 км алып жатқан бұл маң адам танымастай өзгерді. Жан-жағы абаттандырылып, түрлі мүсіндер орнатылды. Қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналды.
    Сондай-ақ, «Талдықорған» индустриялық аймағы құрылды. 
    Облыс басшылығы қаламы қарымды, жазғаны жалынды тілші қауымды ерекше қадірлейді. Соның айқын дәлелі, ел аумағында алғаш рет барлық БАҚ өкілдерін бір шаңғырақтың астына жинап, «Журналистер үйі» атты ғимаратты қолданысқа бергені. Баршаға мәлім, аталмыш нысаннның іргетасы, марқұм қазақ журналистикасының аққан жұлдызы Бейсен Құранбектің мұрындық болуымен қаланған болатын. 
    Сондай-ақ, 670 тұрғын үйі бар коттеджді қалашық керге жайды.
    «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы», осы сөзді басшылыққа алған атқамінерлердің ықпалымен 26 заманауи медициналық мекеме есігін айқара ашты.
    Ел ертеңгі сөз болғанда жас буын еске түседі. Ал, облыс орталығы мәртебесін иемденген Талдықорғанда «Жастар» атауын арқалаған үш бірдей нысан бар. Олар: «Жастар» саябағы, «Жастар» спорт кешені, «Жастарға қызмет көрсету орталығы».
    Дәл осындай сәулеті асқан ғимараттар қатарын, «Салтанат сарайы», «Көрме кешені», Драма театр» сынды бас нысандар толықтырып тұрған жайы бар.
    Көркем мекеннің көркін ашып, қаланың өзіндік тарихында қашалып жазылған тағы бір оқиға, Қаратал жағалауынан Облыс әкімі Амандық Баталовтың тікелей басшылығымен салынған 288 орындық студенттер үйі.
    Тұрғындардың баспана мәселесінің шешілуі де назардан тыс қалмады. Соңғы жылдары 4 бірдей жаңа аудан бой көтерді.
    Ал, қашанда үздіктердің қатарында жүрген облыс орталығында тұңғыш рет  «Patriot Qazaqstan» реалити-шоуы ұйымдастырылуы аймақтың әр кез алда, ал тұрғындарының өз отанының шынайы патриоты екенінің бір дәлелі болды деп айтуға болады.
    Қала халқының жанына демалыс сыйлар тағы бір орын ол-субұрқақ. Жетісудың символы іспетті, орталықтан 7 субұрқақ ашылған еді. Көрген көзді арбайтын әдемілік әлі күнге өзектілігін жоғалтқан емес.
    20 Жылда орын алған басты оқиғалардың қатарына, қалалық әуежайдың қалпына келтірілуін жатқызуға болады.
    Айта кетейік, облыстағы саф өнердің сарайының ашылу салтанатында Орта Азия елдерінің  7-ші Халықаралық театр фестивалі   өткен болатын. Бұл кеш қала халқының есінде ұзақ уақытқа дейін сақталғаны сөзсіз. Өйткені, Жетісудың төрінде қазақ өнерінің тарландары бас қосқан еді. 
    Сонымен қатар, Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы мен пандемия кезінде 55 күнде салынған инфекциялық емханасы салынды.
    Өңірдегі өнеркәсіп саласы жолға қойлып, жаңа кәсіпорындар ашылды. Солардың қатарында, тәулігіне 500 тонна майлы-дақыл өндіретін «Жетісу-Мажико» май зауыты да бар. 
    Бұқараның бос уақытын өткізуге ыңғайлы орын - «Көктем» стелласы. Оның да қолданысқа берілуі шаһардың ажарын кіргізді. 
    Сонымен қатар, 20 жарқын оқиғаның бірегейі деп ҚР-ның 18 миллионыншы тұрғынының Талдықорғанда дүниеге келуін атап өткен абзал. 
    Сонымен қатар, республикада теңдесі жоқ олимпиадалық үлгідегі жабық бассейннің ашылуы шаһардағы жарқын істердің бірі десек артық айтқандық емес. 
    Міне, жиырма жылдағы біз сараптаған басты оқиғалар осындай. Келешегі кемел, болашағы жарқын мекеннің жетістігі мол боларына шүбә жоқ.