"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    2021 жылдың 10 қараша күні Талдықорған қаласы, Тілдер сарайында Алматы облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының   бастамасымен, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығының  ұйымдастыруымен Қазақ даласының тарихында алатын орны бөлек петроглифтердің құндылықтарын, баға жетпес мұрамызды көпшілікке насихаттау мақсатында өткізілді.

    Конференцияға Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы, аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің басшылары, қызметкерлері, археологтар, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері, қатысты.        

        Шара барысында «Архарлы петроглифтері» атты деректі фильмі көрсетілді.  Сонымен қатар, бүгінгі таңда Алматы облысы аумағында орналасқан тастағы жазба мұраларды анықтап, ғылыми зерттеу және қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археолог мамандар мен қорғау, сақтау жұмыстарымен айналысатын еріктілер тобының мүшелері өз жұмыстарының барысымен таныстырып баяндамалар оқыды. Сондай-ақ, шараға қатысушылар арасында пікір алмасып, марапаттаулармен аяқталды.