"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    2022 жылы 14 сәуір күні, Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығымен  бірлесіп, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты Алматы қаласында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай "Алматы қаласы мен Алматы облысының археологиялық мұрасын сақтау мен қорғаудың өзекті мәселелері" тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

    Дөңгелек үстелге қатысушылар жалпы тарихи-археологиялық мұраны зерттеу, сақтау және қорғау саласына, сондай-ақ жалпы тарихи-мәдени мұраны қорғау проблемаларын бірлесіп шешуге бағытталған жобаларды ұйымдастыруға арналған тұрақты іс-шараларды өткізудің маңыздылығы туралы баяндады.

    Дөңгелек үстел барысында тонаушылық қазба жұмыстары мен археологиялық ескерткіштерді жоюға қарсы күресте Алматы облысының ескерткіштерді сақтау және зерттеумен айналысатын органдардың, ғалымдардың, қоғам және БАҚ өкілдерінің ынтымақтастық қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

    Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасының ғылыми орталықтарының ғалымдары, жергілікті органдар мен қоғам өкілдері, өлкетанушылар қатысты.