"Алматы облыстық
тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталық" КММ

    2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялануына  орай, 17 маусым күні  Алматы облыстық тарихи–мәдени мұраны қорғау жөніндегі  орталықтың ұйымдастыруымен, Еңбекшіқазақ ауданы, Аса ауылдық округінің аумағында орналасқан  үлкен сақ қорғаны  басында «Сақтардан қалған мұралар» атты тарихи танымдық шара ұйымдастырылды.  Танымдық шараға ҚР Көркемөнер академиясының академигі, елімізге белгілі суретшілер Анарбек Нақысбеков, «Есік» музейінің ғылыми қызметкері, археолог Төрәлі Төлегенов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қ.Закиров, Түркия елінен келеген қонақ, тарихшы Сабахаддин бей  қоғам белсенділері мен жергілікті органдар, өлкетанушылар, оқушылар сарайының үйірме оқушылары мен мүғалімдері қатысты.
    Мақсаты: қазақ даласының тарихында алатын орны бөлек сақтардың құндылықтарын, баға жетпес тарихи-мәдени мұрамызды көпшілікке насихаттау.